Атқарушы билікАуыл шаруашылығыБасты жаңалықтарБілімДенсаулықДінЖаңалықтарҚоғам және саясатҚұқықМәдениет

Ө.ШӨКЕЕВ: «КҮЛПАРШЫН» БАЗАРЫНЫҢ ИЕСІ ТАУАРЫ ӨРТЕНГЕН КӘСІПКЕРЛЕРМЕН КЕЛІСІМГЕ КЕЛУІ КЕРЕК»

Жетісайға келген Өмірзақ Шөкеев базардағы өрттің салдарын жою бойынша штаб отырысын өткізді. Комиссия төрағасы С.Қалқаманов, жергілікті әкімдік пен құқық қорғау органдары өкілдері, «Күлпаршын» базарының иелерінің қатысуымен өткен жиналыста Жетісай ауданының әкімі М.Қадырбек облыс әкіміне аудандағы жағдайды баяндады.
«Бүгінгі күнгі болжамды есеп бойынша 613 азамат, 1119 сауда нүкте өрттен жапа шеккен. Келтірілген шығындарды өтеу бойынша арнайы қор құрылды. Қазіргі таңда кәсіпкерлермен тиісті жұмыстар жүргізілуде. Күнделікті кәсіпкерлермен кездесіп, оларға көрсетілетін көмек жайын айтып жатырмыз», деді аудан әкімі.
Облыстық полиция департаменті тергеу басқармасының бастығы Н.Жалғасов аудандағы қоғамдық ахуалға тоқталды.
«Аталған жайтқа байланысты тергеу басталды. Кеше өрт-техникалық сараптама, сот құрылыс сараптамасы жүргізілді. Шұғыл тергеу тобы құрылған» деді құқық қорғау органының өкілі.
«Базарды қалпына келтіру бойынша шұғыл шаралар қабылдаймыз. Базарды қалпына келтіру жұмыстарына Мақтаарал, Жетісай, Келес, Сарыағаш, Шардара, Қазығұрт аудандарынан бригадалар келіп көмек береді. Жобалаушылармен сөйлесіп, базар сызбасы дайын болған соң 1 аптада базарды қалпына келтіру керек. Ал базар иесі кәсіпкерлермен келісімге келуі тиіс», деді аймақ басшысы.
Базар иесі әкімнің ұсынысымен келісті.

Қызықты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button