Ұстаз – ұлағатты есім. Мен 2013-ші жылы алғаш әліппе ашып білім нәрін таттым. Ұстазым маған оқуды, жазуды және санауды, достасуды, Отанды, табиғатты сүюді, үлкендерді құрметтеуді үйретті. Барлығы оңай болды дей алмаймын. Алайда өте сұлу және білімді апай сынып жетекшім болатынын білгенде ішімде белгісіз жылу пайда болды. Бірінші күні қобалжып, жаңа ортада жылармандай болған бала жүрегімді лезде тыныштандырып, мектептің де біздің «екінші үйіміз» екендігін ұғындырды.
Ата-анамнан алғаш ажырап, партаға отырғанымда жанымда болып, қызым деп өз баласынан кем көрмеген парасатты, еңбекқор жан. Нұрлы да ажарлы, жанына жақындасаң ыңғайлы атмосфера сезінетін алғашқы ұстазымның есімі – Максутова Зәуре.
Қолыма алғаш әліппе ұстатып, әріп танытқан, қосу алуды меңгерткен Зәуре апайға алғысым шексіз. Болашақта ұстазымның сенімін ақтап, еліне пайдасы тиетін азаматша болуға тырысамын,
Эхх, бұл апайым туралы іштей ойлаудың өзі жанымды жадыратады. Алғаш әріп үйретіп, қате оқығанымда, шатасып жаттағанымда, көбейтуді есептей алмағанымда да жымия қарап жаңылған жерімді қайталап түсіндіретін. Шындығында, қазір 10-шы сынып оқысам да осы мектепте өткізген уақыттарымда Зәуре апайымдай апай жоқ десем артық кетпеймін деп нық айта аламын. Апайым үнемі бізбен санасып, әрқайсымызға бейіндік жұмыстар арнайтын. Бастауыш сынып оқысақта түрлі сенбілік, ашық сабақтарда белсенді қатыстыратын. Тек онымен шектелмей, әр қайсымыздың жеке қызығушылығымызбен ерекше жұмыс жасайтын.
«Ұстаздық еткен жалықпас үйретуден балаға» – деп, Абай атамыз айтып кеткен ғой. Ұстаздық – елдегі ең қадірлі, ең мейірлі әрі аса жауапты мамандық. Себебі Қазақстанның болашағы ұстаздардың қолында. Баланың болашағы, оқуда қандай жетістікке жететіні, өмірде қаншалықты табысты болатыны тікелей тәлімгерге байланысты.
Қортындылай келе,жоғарғыда айтқан сөздерім әсерленгендей көрінседе, бұл мен үшін «Менің алғашқы ұстазым»-ның дәлме-дәл сипаттамасы. Зәуре апайыммен барша ұстаздарға басымды иіп алғыс білдіремін. Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен құттықтаймын!
№ 22 Қ .Аманжолов атындағы ЖОМ
10 сынып оқушысы Абай Қарақат
Жетекшісі : Рыспанбетова Жаксыгул