Жаңалықтар

Менің алғашқы ұстазым

Ұстаз – тез жатталатын, бірақ мағынасы терең ұлы сөз. Ол туралы жазып шегіне жету мүмкін емес. Сондықтан болар 1994 жылдан бері әлемнің 100-ден астам мемлекетінде қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мен білім беру саласындағы қызметкерлердің кәсіби мерекесі болып белгіленген. Кей мемлекеттерде бұл мерекені 5 қазан күні атап өтеді.  Ұстаздар күні – көпшілік жақсы көретін кәсіби мерекелердің бірі. Бұл күні ұстаздарға оқушылардың түрлі ыстық лебіздерімен гүл шоқтары табысталады.

             Мен қазіргі таңда 10-сынып оқушысымын. Бастауыштыда бітіргеніме көзді ашып жұмғанша 6 жыл өтіп кетіпті. Алайда ең алғаш мектеп табалдырығын аттағанымда құшақ жая қарсы алған,

       – Мектеп сенің екінші үйің, мен екінші анаңмын – деп басымнан сипаған алғашқы ұстазымды қалай ұмытайын. Ата-анамнан алғаш ажырап, партаға отырғанымда жанымда болып, қызым деп өз баласына кем көрмеген асыл адам – Зәуре апай. Қолыма алғаш әліппе ұстатып, әріп танытқан, қосу алуды меңгертіп жанымда болған мейрімді әрі парасатты жан. Қазірде апайды көрсем ішім жылып, жақын тарттамын. Апай да көрсе сабағымды сұрап, жақсы білім алып, еліне адал қызмет ететін азаматша болып өскенімді қалайды. Әлі есімде, бірнеше рет жаңылып, өз жаңылғанымнан жылап қалған кездерімде «Іңкәр, жылама айналайын. Жыласаң шашың түсіп қалады. Кел мен саған қайта түсіндірейін» деп көңілімді көтеріп, жасымды сүртетін. Сыныптағы әрбір оқушы шетте қалмасын, барлығын қамтимын деп тырысып, кейде түні бойы ұйықтамай келсе де бізге әрдайым күлімдеген асыл ұстазым. Осыншама еңбек пен терді айтып, бағалау – біздің парыз деп білем.

             Ұстаздық – елдегі ең қадірлі, ең мерейлі әрі аса жауапты мамандық. Себебі, Қазақстанның болашағы ұстаздардың қолында. Баланың болашағы,оқуда қандай жетістікке жететіні,өмірде қаншалықты табысты болатыны тікелей тәлімгерлерге байланысты.

              Қортындылай келе, барша ұстаздарға басымды иіп алғыс білдіремін. Сіздерді мерейлі мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! «Ұстаздық еткен жалықпас – үйретуден балаға» – деп Абай атамыз жырлап кеткендей, қажымас қайрат,шығармашылық табыстар айнымас серіктеріңіз болсын!

                                                                    Қ.Аманжолов атындағы №22 ЖОМ

10-сынып оқушысы; Бақтығұл Іңкәр

Жетекшісі; Рыспанбетова Жақсыгүл

Қызықты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button