Басты жаңалықтарЖаңалықтарҚоғам және саясатСпорт

МАҚТААРАЛДЫҢ ҚҰРАМАСЫ СТРИТБОЛДАН ОБЛЫСТЫҢ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ

Түркістан облысы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт басқармасының ұйымдастыруымен «Балалар жылы» аясында ересектер арасында Түркістан облысының ІV спартакиадасы өтіп жатыр. 
Ел Президентінің салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту жөніндегі Жолдауын іске асыру, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу, облыс тұрғындары арасында бірлік пен өзара татулықты нығайту – спартакиаданың негізгі мақсаты.
Спартакиада аясында 29-30 қыркүйек күндері Мақтаарал ауданының орталығы Мырзакент кентінде спорттың стритбол түрінен жарыс өтіп, облыстың 12 ауданынан келген командалар өзара бақ сынасты.
Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары Алтын Ешанқұлова, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының өкілі Бекжан Адамбеков, аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Жандарбек Тәтеевтер қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
2 күндік жарыстың нәтижесінде Мақтаарал ауданының құрамасы І орынды жеңіп алып, стритболдан облыстың чемпионы атанды. Сонымен қатар, ІІ орынды Кентау қаласы, ІІІ орынды Сарыағаш ауданының құрамалары иеленді.
Айта кетейік, барша жеңімпаз командалар арнайы дипломдармен, медальдармен және кубокпен марапатталып, жарысқа қатысушылар тарапынан ұйымдастырушыларға алғыс айтылды.

Қызықты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Back to top button