Ауыл шаруашылығыБасты жаңалықтарЖаңалықтар

МАҚТААРАЛДА ЭКО-СЕНБІЛІК ӨТТІ

Мақтаарал ауданында тазалық күніне (World Cleanup Day 2022) арналған дәстүрлі эко-сенбілік өтті.
 
Аудан әкімінің аппараты бастаған ауданның дербес бөлімдері мен кенттердің, ауылдық округтердің әкімдіктері, дербес бөлімдерге қарасты коммуналдық мекемелердің қызметкерлері ауданның кіреберіс қақпасынан бастап Сырдария өзеніне дейінгі 10 км-ге жуық аралықты түгелдей күл-қоқыстан тазартты.
 
Аталған аймақтағы А-15 автожолы – Мақтаарал, Жетісай аудандарының тұрғындарының Шымкент қаласына қатынайтын бірден бір бағыты. Жүк көліктері, қоғамдық көліктер мен жеңіл көліктер көп жүретіндіктен, жол бойында әсіресе сусындардың, спирттік ішімдіктердің бөтелкелері, темекенің қораптары сияқты ондаған жылдар бойы шірімейтін қалдықтар қаптап кеткен болатын.
 
«Сіз тастаған сағыз тұрған жерінде 5 жылға дейін өңін бұзбай жатады. Ал пластикалық негізде өндірілген тауарлар 50-100 жылдың арасында, пластикалық құтылар және қаңылтыр банкалар 500, балық қармағының жібі 600 жылда жойылады. Сенбілік барысында негізінен осындай ұзақ жылдар бойы шірімейтін қалдықтарды тазарттық. Табиғи ортада ұзақ жылдар сақталатын қоқыстар ауаны ластап, нәтижесінде қатерлі ауру тудыратынын белгілі. Сондықтан, тазалық мәдениеттің көрсеткіші десек, Мақтаарал, Жетісай аудандарының тұрғындарын мәдениетті болуға шақырамыз!» – деді сенбілікке қатысушылар.
 
Айта кетейік, эко-сенбілік барысында 1378 адам, 18 техника жұмылдырылып, 31 тонна күл-қоқыс шығарылды. Мұндай тазалық шаралары алдағы уақытта жалғасын табатын болады.

Қызықты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button