
Мақтаарал ауданының аумағында 4 нүктеге «Сергек» камералары орнатылды.
Атап айтқанда, Республикалық маңызы бар А-15 автожолының бойындағы Мақтаарал ауылдық округі Азаттық ауылына, КХ-100 «Жетісай-Мырзакент» бағытындағы Жаңажол ауылдық округі Ақжол ауылына, «Атакент-Сырдария» бағытындағы Атакент кентінің Ташкент көшесіне және Мақтаарал ауылдық округі Игілік ауылындағы Түркістан көшесінің бойына қойылған.
Барлық орнатылған «Сергек» камералары 14-қазаннан бастап іске қосылып, ресми түрде жұмыс істейтінін хабарлаймыз!
(с) Мақтаарал ауданы әкімінің баспасөз қызметі