Атқарушы билікАуыл шаруашылығыБілімДенсаулықДінЖаңалықтарҚоғам және саясатҚұқықМәдениетМәслихатСпортХабарландыруЭкономика

АТАКЕНТТІҢ ТҰРҒЫНДАРЫМЕН АРНАЙЫ КЕЗЕДСУ ӨТТІ

Ағымдағы жылдың қазан айының ортасына таяу Атакент кенті әкімінің Заңда белгіленген өкілеттік мерзімі аяқталады. Осыған байланысты 24 тамызда Мақтаарал аудандық аумақтық сайлау комиссиясының мүшелері А.Бозаев, Е.Қазыбеков, Г.Калдарбекова, аудан әкімі аппараты персоналды басқару қызметінің басшысы С.Досымов Атакент кентіне арнайы барып, кент әкімі аппаратының залында елді мекен тұрғындарымен арнайы кездесті. Кездесуге зиялы қауым өкілдері, еңбек ардагерлері, жастар, учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

АСК мүшелері мен аудан әкімі аппаратының кадр қызметінің басшысы қатысушыларға әкімдікке кандидаттар ұсыну (ұсынылу) тәртібін, мемлекеттік қызмет саласындағы заңнамаларда кандидаттарға қойылатын талаптар, өзін- өзі ұсынған жағдайда қол жинау, ресімделетін құжаттар, кандидаттарды тіркеу, сайлау алдындағы үгіт жүргізу, сайлау қорытындысын белгілеу, жариялау мәселелері бойынша түсіндіру жүргізді, қойылған сауалдарға тиянақты жауаптар берді. Тұрғындар нақты жауаптар мен мәселені жете түсіндіргені үшін ризашылықтарын білдірді.

Кездесу соңында АСК мүшесі, аудандық Қоғамдық келісім кеңесінің төрағасы Е.Қазыбеков кенттегі 20 мыңдай халықтың көптеген ұлт пен ұлыстан тұратынын, сондықтан алдағы саяси науқан кезінде ынтымақты сақтауды өтінді.

Қызықты мақалалар

Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды.

Back to top button